Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыздар келмейді: Елордалықтар Астана күнін дүбірлетіп тойламайтын болды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов бүгін ОКҚ брифингінде Астана күнін тойлауға қатысты шығындардың қысқартылатыны туралы хабарлады. 6 маусым күні бас қалаға 21 жыл толады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: livetotravel.ru
Көрнекі фото: livetotravel.ru: UGC

Жыл сайын Нұр-Сұлтандағы аталмыш мереке күні 300-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылатын.

Биыл олардың саны 100-ге дейін қысқартылады. Мерекелік шаралардың 73-і тегін болмақ.

Астана күніне арналған бюджет оңтайландыру мақсатында үш есеге қысқартылды.

Астаналықтар Қазақстан және Ресей әртістері ашық аспан астында өнер көрсететін Open Air мен алаңдардағы жаппай серуендерді көрмейді. Олардың шығыны көп деп есептелді.

Мереке кезінде адамдардың жаппай жиналуы болмайды.

Мейрамды тойлаудың ең негізгі орындары - саябақтар мен Есіл өзенінің жағалауы болып табылады. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802099-zldyzdar-kelmejdi-elordalyktar-astana-knin-dbirletip-tojlamajtyn-boldy/

pixel