Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңіздегі" шу: Желіге сурет жариялаған азамат өз ісі үшін кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Желіде "Теңіздегі" дүрбелеңге себеп болған суретті жариялаған шетелдік азаматтың өз қылығы үшін барша Қазақстан жұртынан кешірім сұраған видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

пппппп
Видеодан алынған кадр: Facebook

Жарияланған ролик авторы болған оқиға үшін қынжылатынын айтып, кешірім сұрады.

Оның сөздерінше, өз ісімен ол ешкімге зиян келтіргісі келмеген және әріптесімен түскен суретін жай ғана желіг жариялаған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore" компаниясының қызметкерлері бойжеткенді "ерсі" суретке түсірген азамат үшін шеруге шыққаны туралы хабарлаған едік.

Жұмысшы азаматтар ол суретті жариялаған ер адамның әрекетіне наразылық білдіріп, шу шығарған.

Кейінірек дүрбелең нәтижесінде жарақат алғандар бар екені белгілі болды.

Сонымен бірге, вахталық ауылға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары барып, жағдайдың тұрақталғанын жеткізді.

Аталмыш оқиғаға қатысы қылмыстық тескеріс басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802261-teizdegi-su-zelige-suret-zarialagan-azamat-z-isi-sin-kesirim-srady-video/

pixel