Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өздері "крыша" болады": Сағынтаев Сейфуллин көшесін жезөкшелерден тазартпақшы

Опубликовано:

Алматы тұрғыны қаланың су жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтан Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелерден арылтуды сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев тапсырма беруді Кулагиннен бастады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады (видео)

Сағынтаев полицияға көпірде болған жол апатын анықтауды тапсырды

"Сейфуллин көшесіндегі түнгі көбелектер мәселесін айтқымыз келіп отыр. Олар сол жерден бастап, теміржол вокзалы маңына дейін тұр.

Қыздар өздерін солай саудаға салып тұрады. Отбасыңмен, балалармен ол жерлермен жүру мүмкін емес.

Ұяларлық жағдай, полиция олармен қанша күрессе де, бәрібір сол жағдай қайталанады", - деді тұрғындардың бірі Түрксіб ауданын аралаған Сағынтаевқа .

Жаңа әкім аталмыш мәселені шешуге тапсырма бергенін қадап айтты.

"Бәрін білеміз, тапсырма бердік. Егер ешқандай нәтиже болмаса, демек олар күреспейді деген сөз.

Өздері соларға "крыша" болады деген сөз. Міне полиция департаменті басшысының орынбасары. Бүгін ол осы тапсырманы орындауға кірісу керек.

Мен барлық желілерге тіркелдім. Маған жазыңыз, сосын өзім ол мәселемен айналысатын боламын", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802520-zderi-krysa-bolady-sagyntaev-sejfullin-ksesin-zezkselerden-tazartpaksy/

pixel