Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы үйлердің қашан қалпына келетіні анықталды

Опубликовано:

Бір апта бұрын жарылыстар орын алған Арыста қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жойқын соққыдан зардап шеккен 247 жеке үйде құрылыс жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды ИИҚМ-не сілетеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев басқарған жұмыс тобы өткен аптада техникалық тексеру жүргізді.

Олар төтенше жағдай орын алған қаладағы үйлер мен ғимараттардың қаншалықты қатты зақымданғанын анықтады.

Комиссия мүшелері Арыс қаласындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді деген қорытындыға келді. Жөндеу жұмыстарына 80-нен астам құрылыс компаниясы кірісті, қалада 752 жұмысшы жұмыс істейді.

Елбасы мен Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Арыс нысандары 2019 жылдың 1 тамызына дейін қалпына келтірілуі тиіс.

Қаланы қалпына келтіруге Қазақстандағы әрбір облыс пен Республикалық маңызы бар қалалар қатысады.

Атап өтілгендей, әр өңірден келген құрылысшылар бригадасы Арыс қаласына, өзінің бекітілген учаскесіне бағытталатын болады.

Министрлікте Арыс қаласын қалпына келтіру үшін қала 17 учаскеге бөлінгенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802523-arystagy-jlerdi-kasan-kalpyna-keletini-anyktaldy/

pixel