Оралда үйленген арбадағы спортшылар тойларын атап өтті (фото, видео)
Опубликовано:
Оралда арбадағы спортшылар - 63 жастағы Александр Сареев пен 53 жастағы Гүльнара Айдарғалиеваның тойы болып өтті деп хабарлайды "Мой город"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптылар қарттар мен мүгедектер үйінде тұрады.
Үйленгеннен кейін олар өздеріне бөлек бөлме алады.
Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі спортшылар клубының басышысы Азон Шаймарданов айтты.

Александр армрестлингпен, ал Гүльнара - теннис пен шахматпен айналысады.
Александр Гүлнарамен 7 жылдан бері таныс екенін, осы уақыт бойы олар бір-біріне қамқор болып келгендерін әңгімеледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802603-oralda-jlengen-arbadagy-sportsylar-tojlaryn-atap-tti-foto-video/