Ақтөбеде екі сақалды жігіт тапа-тал түсте бір адамды сабап тастады (видео)
Опубликовано:
Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде аулада жүрген балалардың көзінше сақалды екі жігіт бір адамды сабап тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олар тұрғындардың араша түскеніне қарап жатқан жоқ. Төбелескендерді ажыратып жүргендердің қатарында қариялар да бар.
Қазіргі уақытта полиция бұзақылыққа барғандарды қолға түсірді.
"Осы жағдайға қатысты екі адам ұсталды. ҚР ҚК-нің 293-2 "Бұзақылық" бабымен іс қозғалды", - деп хабарлайды ПД-нің баспасөз қызметі.
Ескерту! Видеоны жүрегі әлсіз адамдарға қарауға кеңес бермейміз!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802672-aktbede-eki-sakaldy-zigit-tapa-tal-tste-bir-adamdy-sabap-tastady-video/