Алматыда әйел адамды баласымен бірге жүргізушісі жоқ автобус қағып кетті
Опубликовано:
Алматыда әйел адамды баласымен бірге жүргізушісі жоқ автобус қағып кетті. Оқиға кеше, 1 шілдеде Алатау ауданында орналасқан ХҚО маңында болған. Автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті тоқтатуға тырысқанымен, үлгермей қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Facebook желісінде Ләззат Тоқмолдаева есімді қолданушы жазды.
Тоқмолдаева анасы мен інісін құтқаруды сұраған жеті жастағы баланың аман екенін жеткізді.
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасынының хабарлауынша, балақай лезде ауруханаға жеткізілген.
Қабылдау бөлмесінде оны хирургтардың көп салалы бригадасы қараған.
"Ауыр қосарлас жарақат, жабық бас-сүйек ми жарақаты, мидың шайқалуы, іш жарақаттары, ішкі органдардың ауырсынуы, кеуде қуысының жарақаты, кеуде қуысының жоғарғы бөлігінің жабық сынуы, беттің және кеуде қуысының жаралануы секілді алдын ала диагноздары қойылды. І-ІІ дәрежедегі травматикалық шок", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Ал қалалық №7 ауруханаға жеткізген баланың анасына, жамбас сүйегінің жабық сынуы және бет терісінің жырылуы диагнозы қойылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802742-almatyda-jel-adamdy-balasymen-birge-zrgizusisi-zok-avtobus-kagyp-ketti/