БАҚ: Қостанай облысында аудан әкімі пара алды деп күдіктелуде
Опубликовано:
Қостанайлық "ТоболИнфо" басылымы Әулиекөл ауданының әкімі жемқорлық күдігіне ілінгенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым ақпаратынша, шенеунікті 2 шілде күні кешкі сағат 8-де Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсінік беруге шақырған.
40 жастағы әкім Аманқарақай орта мектебінің құрылысы кезінде заңсыз сыйақы алды деп күдіктелуде.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әулиекөл аудан әкімдігі аппараты басшысының жеке тұлғасына да қызығушылық танытқан.
Басылымның ақпаратына сәйкес оқу ғимаратының құрылысы енді ғана басталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802826-kostanaj-oblysynda-audan-kimi-para-aldy-dep-kdiktelude/