Атырау облысында екі баланың денесі Орал өзенінен табылды
Опубликовано:
Атырау облысында 2004 және 2005 жылы туған балалардың денесі Орал өзенінен табылды деп хабарлайды Қазақпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аймақтық ТЖК мәліметінше, қайтыс болған балалар рұқсат етілмеген жерде шомылған.
Жеткіншектердің судың ағысына төтеп бере алмай, батып кеткені айтылды.
Қос баланың денесін өзеннен төтенше жағдайлар комитетінің мамандары мен балықшылар шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803062-atyrau-oblysynda-eki-balany-denesi-oral-zeninen-tabyldy/