Талғарда 30 жастағы әйел адамды көшеде зорламақ болған күдікті ұсталды
Опубликовано:
Жанашыр тұрғындар полицей қызметкерлеріне 30 жастағы келіншекті зорламақ болған күдіктіні ұстап беруге көмектесті деп хабарлайды NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Талғар қаласында шілденің 2-нен 3-не қараған түні қалалық көшелердің бірінде 30 жастағы әйел адамға белгісіз адам шабуыл жасады.
Жәбірленушінің айқайын естіген бірнеше адам полиция шақыртып, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан күдіктіні ұстап беруге көмектесті.
"Ұсталған ер адам қала мен жақын елдімекендерге таксист ретінде тасымалдаумен айналысатын 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде жалғасуда", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Ведомствода дәл сол күні Талғардың басқа ауданында 19 жастағы қызға шабуыл жасалған жағдай орын алғанын толықтырды.
Жәбірленушінің айқайы мен қасарысқан әрекеті зорлаушының үйрейін ұшырған.
Кейіннен тәртіп сақшылары ізін суытпай күдікті ер адамның 1991 жылы туған көрші ауылдың тұрғыны екенін анықтады.
"Бұл жағдайда күдікті жергілікті психонаркологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды. Туыстарын хабардар ете отырып, ол медициналық мекемеге орналастырылды. Бұған дейінгі жағдай сияқты аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады полициядан.
Ұсталғандар бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, алайда Талғар полицейлері ауданда тіркелген басқа қылмыстарға екеуінің де қатыстылығын тексеруге ниетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803070-talgarda-30-zastagy-jel-adamdy-ksede-zorlamak-bolgan-kdikti-staldy/