Павлодарда ЖОО ректоры мен министр көмекшісі 7 млн теңге ұрлады деп күдіктелді
Опубликовано:
Павлодар университетінің басшысы мен білім және ғылым министрінің көмекшісі үлкен сомадағы қаржыны ұрлады деп күдіктелуде. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің күдігіне Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры мен білім және ғылым министрі көмекшісі ілінгені хабарланды.
Тергеудің нұсқасы бойынша, олар министр көмекшісінің жалақысын заңсыз есептеген.
Құжат бойынша ол университетте 2017 жылдан бастап жұмыс істеген, ал іс жүзінде сол ақшаны алды.
Осы әдіспен күдіктілер заңсыз 7 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алғаны жобаланады.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803097-pavlodarda-universitet-rektory-men-ministr-kmeksisi-7-mln-tege-rlady-dep-kdikteldi/