"Бір көргеннен ғашық болдым": Қайрат Түнтековтің сүйіктісі кім? (видео)
Опубликовано:
33 жастағы отандық әнші Қайрат Түнтеков сүйіктісін кезіктірді. Бұл туралы өнер иесі Instagram-ға жарияланған сұқбат барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Түнтеков бір көргеннен өзіне ғашық еткен бойжеткен туралы шындықты айтып берді. Әншінің сөзінше, олар дәмханада танысқан.
"Ол маған жақындап: "Сізбен суретке түсуге бола ма" деп сұрады. Өте жақсы қыз, сұлу, сымбатты, ақылды" , - деді әртіс.
Алайда отандық шоу-бизнестің сүрленген сүр бойдағы сүйіктісін халыққа таныстыруға асықпайтын сыңайлы. Әнші жүрегін жаулаған аруды сырт көздің сұқтануынан сақтағысы келетін көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803108-bir-krgennen-gasyk-boldym-kajrat-tntekovti-sjiktisi-kim-video/