Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық бюро қызметкерлері пара алу және контрабанда ісі бойынша ұсталды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин Нұр-Сұлтандағы Ұлттық бюро қызметкерлерінің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Zakon.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Бұған дейін БАҚ-та бас көліктік прокуратура Нұр-Сұлтандағы Ұлттық бюро департаменті тергеу жүргізген кеден қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі жапқаны туралы ақпарат пайда болған.

"Бұл шешімге қатысты біз жоғары тұрған прокуратураға шағым түсірдік. Себебі, біздің көзқарасымыз бойынша мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің әрекеттерінде қызметтік міндеттерін заңсыз әрі асыра пайдалану белгілері бар", - деді Бердалин.

Бердалиннің сөзінше, арнайы прокурорлар да Ұлттық бюро қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде бірқатар заңбұзушылыққа жол берді деп санайды.

"Сонымен қатар, аталған қызметкерлер өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін атқарды, сондай-ақ, жедел және тергеу әрекеттері заңмен белгіленген тәртіпте бас көлік прокуратурасымен санкцияланып, келісіліп, отырды", - деп атап өтті департамент директоры.

Бердалиннің сөзінше, күдікке ілінген Ұлттық бюро қызметкерлері сот шешімі бойынша үй қамағында отыр.

"Біз құзырлы органдар бұл мәселені әділ шешіп, жедел-іздестіру қызметкерлері мен бас көлік прокуратурасы қызметкерлерінің әрекеттеріне тиісті бағасын беретініне сенімдіміз" , - деді ол.

Басылымның жазуынша, екінші шілде күні бас прокуратура елордалық сыбайлас жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросына қарасты департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі аяқтағаны туралы ақпарат пайда болған. Анықталғандай, іс қызметтік міндеттерін асыра пайдалану фактісі бойынша қозғалған.

Ұлттық бюро қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс өткен жылдың күзінде басталған. Ол кезде кеден қызметкерлері пара алып жатқан сәтінде ұсталған. Қомақты қаржыны оларға контрабанда үшін сотталған адам бермек болғаны анықталды. Ол заңсыз әрекетін тағы бір мәрте іске асырып, елге алтын алып кірмекші болған.

Алайда, тергеу кезінде мемлекеттік кіріс департаментінің қызметерлерін қылмыс жасауға итермелегені белгілі болды. Оған қоса, олардың біреуі пара алудан бас тартып жатқан бейнежазба пайда болды.

Нәтижесінде, бас көлік прокуратурасы кеден қызметкерлеріне қатысты тергеуді аяқтады. Оның орнына астананың жемқорлыққа қарсы күрес қызмет басшының орынбасары мен осы ведомствоның тағы бір қызметкері ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803126-lttyk-buro-kyzmetkerleri-para-alu-men-kontrabanda-isi-bojynsa-staldy/

pixel