Қарағандылық полицейлердің игі ісі куәгерлердің жүрегін елжіретті (видео)
Опубликовано:
Қарағандыдағы патрульдік полицейлер егде жастағы қарттың жолдан өтуі үшін Бұхар жырау даңғылы бойынша жолды жартылай жауып тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бегілі болғандай жаяу жүргіншілер үшін жасыл түс жұмыс істеуін қойған. Алайда егде жастағы ер адам жолдан өтіп үлгермей қалыпты.
Сол кезде №194 жол-патрульдік полиция экипажы қызметтік көлікті жолға көлденең қойып, осылайша қарттың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803162-karagandylyk-policejlerdi-igi-isi-kugerlerdi-zregin-elziretti-video/