Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңіздегі" қазақстандық жұмысшылардың жалақасы қанша?

Жарияланған күні:

Теңіз кен орнында еңбек ететін қазақстандық жұмысшылардың орташа айлық табысы 223 мың теңгені құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: куәгерлерден
Фото: куәгерлерден: Depositphotos

Вице-министрдың сөзінше, жалақыға қатысты мәліметті жергілікті атқарушы органдар берген.

"Аталған компанияға қатысты (Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore – Sputnik), оларда орташа жалақы 223 мың теңгені құрайды. Бұл мәліметті бізге жергілікті атқарушы органдар берді", - деді Сарбасов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Ал аталмыш мекемеде қызмет ететін шетелдік жұмысшылардың айлығы еңбек инспекциясының тексерісінен кейін жария етілмек.

Сарбасовтың сөзінше, Теңіз кен орнындағы тексеріс кезінде жалақыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған.

"Мәселен, бір мамандықты алайық. Шетелдік персоналдың еңбекақысына үстемақы қосылған, ал қазақстандық жұмысшыларда бұл қарастырылмаған. Мұндай заң бұзушылықтар анықталды, жұмыс берушіге жеткізілді, тиісті шаралар қабылданады. Нәтижесін кейін хабарлай аламыз", - деді министрдің орынбасары.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Қазақстан бойынша шетелдік мамандарды жұмысқа тартатын 200-ге жуық компанияға тексеріс жүргізілген. Оның нәтижесінде 190 заң бұзушылық анықталды.

"Бұл заң бұзушылықтар еңбек, жұмыспен қамту заңнамасына, еңбек шарттарына қатысты", - деді ол.

Ал Теңіз кен орны бойынша бір ай бұрын жоспарлы тексеріс басталып, аяқталуға жақын қалған.  

"Тәртіпсіздік болған жерде қазір 8 мың адам жұмыс істеп жатыр, оның 500-і –  шетелдік азамат", - деді Жақсылықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803238-teizdegi-trtipsizdik-kazakstandyk-zmyssylardy-zalakasy-kansa/