Теңге жапсырылған клеенка шапан киген қария желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Желіде қазақ тойларінің біріндегі шапан жабу салтының видеосы тарап, қызу талқыға түсті. Той иелері сыйлы қонағына әдеттегідей ою-өрнектермен көмкерілген емес, теңге жапсырылан ерекше шапан жапқан деп жазады ernur.kz.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ғаламтор кеңістігінде тараған бейнежазбадан қызықты жағдай қазақ тойларының бірінде болғаның аңғаруға болады.

Видеода тойда ер кісіге теңге жапсырылған клеенка шапан жабылды.

Мұндайды тойдың ортасында жүрген асабаның өзі де көрмесе керек, таңданысын жасыра алмай қалады. "Басқа-басқа, мынау үйде қалатын шапан" деп әзілдеді асаба.

Ерекше шапанға ие болған қонақ мейрамхана ішінде жүріп өтіп, барша меймандарға өзінің сыйын көрсетіп шықты.

Ерекше шапанға қатысты желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі той иелерінің асқан тапқырлығына тәнті болып жатса, енді бірі оларды ата салтты бұзды деп сынға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803267-tege-zapsyrylgan-kleenka-sapan-kigen-karia-zelide-zldyz-boldy/