Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке салған кім?

Опубликовано:

Елімізде 11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке таратқандар іздестірілуде. Болжам бойынша оны хакерлер немесе мемлекеттік органдардың бірінің қызметкері әдейі таратқан болуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com
Иллюстрациялық фото: pixabay.com: UGC

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің сөзінше, қазір бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Олар барлығын егжей-тегжейлі қарап біткеннен кейін, барлық ақпарат БАҚ өкілдеріне таратылды дейді министр.

Телеарнаның мәліметінше, миллиондаған азаматтың жеке мәліметтері ғаламторда жарты жылдан бері жүр екен.

Оны құзырлы органдар енді ғана байқап, сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Ашық қалған базада адамдардың толық аты-жөні, туған жылы мен күні, мекен-жайы тіпті жеке куәлігінің нөміріне дейін бар.

Қазір кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы базаға кіруге шектеу қойған. Ондағылардың айтуынша, мәліметтер арам пиғылды адамдардың қолына тисе, түрлі әрекеттерге баруы мүмкін.

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры Арман Әбдірасылов мәліметтерді қатаң бақылауда ұстау керектігін айтады. Өйткені, түрлі алаяқтар біреудің атынан несие рәсімдеуі ғажап емес.

Немесе кез келген адамның мекен-жайы мен суреттеріне қол жеткізіп, бопсалайтындар да табылуы ықтимал екен.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі интернетте жарияланып кеткені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803468-11-million-adamny-zeke-mlimetterin-internetke-salgan-kim/

pixel