Арыстағы жағдайды естіген жетісайлық бала қол қусырып отыра алмаған
Опубликовано:
Жетісайдың кішкентай тұрғыны бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстық балаларға көмек ретінде берді. Арыстағы жағдайды естіген жеткіншек бұған бей-жай қарай алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай кішкентай Әли Сүгір ақшаны Шымкентте демалу үшін жинаған. Ал Арыстағы жарылыс туралы естігенде бұл ойынан бас тартқан.
"Мен каникулда Шымкентке барып, ақшаны сол жақта жаратуды ойладым. Ал барлығы Арыс жайлы айта бастағанда мен бұл ақшаларды беруді жөн деп шештім. Мен басқа жақта өзімнің қатарластарым қиналып жатқанда демала алмайтын едім. Қобдишаны ашып, ақшаны бердік", - дейді Әли Сүгір.
Анықталғандай оқушының қаржы жинаған қобдишасында 54360 теңге болған.
Айта кетейік, бұл балалар тарапынан жасалып жатқан алғашқы игі іс емес. Осыған дейін алматылық бала ойыншық үшін жинаған ақшасын Арысқа көмек ретінде берген еді.
NUR.KZ тілшісіне белгілі болғандай Арыстағы жарылыстан кейін екінші күні көптеген балалар өздерінің ойыншықтары мен киімдерін Шымкентке эвакуацияланған балаларға берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803493-arystagy-zagdajdy-estigen-zetisajlyk-bala-kol-kusyryp-otyra-almagan/