Нұр-Сұлтан әкімі министр Мырзағалиевпен қоқыс полигонын аралады
Опубликовано:
Алтай Көлгінов экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен қоқыс полигонын және тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кешенін аралады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кешен күн сайын елорданың 65 қоқыс шығаратын компанияларынан 950 тоннаға дейін қоқыс қабылдайды екен.
"Бұл кешен бойынша министрлікпен бірге шешуді қажет ететін кейбір қаржылық және шаруашылық мәселелер бар", - деп жазды Көлгінов.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елорда әкімінің "Промышленный" және "Железнодорожный" тұрғын үй алабтарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін тыңдап қайтқаны туралы хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803633-nr-sltan-kimi-ministr-myrzagalievpen-kokys-poligonyn-aralady/