Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік бойжеткен ауылға келін болып түскеніне өкініп жүр

Опубликовано:

"Үйлену оңай – үй болу қиын". Ақтөбе қаласының Мира есімді тұрғыны бұл мақалдың мәнісін бүгінде жақсы түсініп жүр. Қалада өскен бойжеткен жақында сүйіктісімен бас қосып, жаңа өмір бастады. Алайда, ауыл тіршілігіне үйренісе алмай жүрген келін әкесінің үйіне қайтқысы келетінін айтады. Қиын жағдайға тап болған Мира өзінің өмірі туралы KAZ.NUR.KZ-ке баяндап берді.

Көрнекі фото: genlink.me
Көрнекі фото: genlink.me: Facebook

Мира (ред. ескертпе кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілген) қалада дүниеге келіп, қалада білім алған бойжеткен. Күнделікті құрбыларымен кездесіп, облыс орталығында серуендегенді ұнататын. Университетте білім алып жүрген кезінде болашақ жарын кездестірген. Ернарды алғаш көргеннен ұнатып, екеуі жарасымды жұпқа айналған. Оқу бітіргеннен кейін, үйленіп отбасын құруды армандаған.

"Мен университет бітіргеннен кейін Ернардың ата-анасы үйіме құда түсіп келді. Екі жақ той мәселесін келісіп, дайындықты бастадық. Менің қуанышымда шек болған жоқ. Сүйіктіммен бірге өткізетін өмірімді ойлап жүрдім. Алғашқыда ауылда тұратынымызды білдім. Алайда, ауылдың тыныс-тіршілігінен қиналамын деген ой мүлдем болған жоқ", - дейді Мира.

Ернар мен Мираның үйлену тойы қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен. Той біткеннен кейін, Ернар қалаға жұмысқа кетуге мәжбүр болыпты, тек демалыс күндері ғана келіп жүрген. Ал ата-енесі жаңа түскен келіндерін ауылда алып қалған. Осылайша, ақтөбелік бойжеткен жақын танымайтын жандардың жанында қалады.

"Ернарды үнемі сағынып жүремін. Кейде түнімен жылап шығамын, үйімді сағынамын. Оның үстіне енем де маған түсіністікпен қарамайды. Таң ата ерте тұрып, мал қораға барамын. Сиырды бұрын тек теледидардан ғана көрген едім. Күйеуімнің анасы "сиыр сауа алмайсың" деп ұрыса береді. Қазір де мал терісіне деген аллергиядан жапа шегіп жүрмін", - дейді ақтөбелік келіншек.

Мира ауылдық үйге қонақтардың жиі келетінін айтады. Әрбір күні меймандарға тамақ әзірлеп, шай құюмен өтетін көрінеді. Күнделікті таңғы алтыда оянып, үйдегілерге ас дайындайды. Қаладағыдай газға емес, ошаққа пісіруге мәжбүр.

"Ауыл тұрғындары газды өте сирек пайдаланады екен. Жаздың күні от жағып, қазан – ошаққа ас әзірлеймін. Үстім түтін сасып кетеді. Халатымды жиі ауыстырып жүруге мәжбүрмін. Оның үстіне ішек-қарын тазалап жүріп, бірнеше рет ұшынып ауырдым. Үйге келген абысындарым "аяғың ауырлады ма" деп сұрай береді. Олардың менің жағдайымда қанша шаруалары бар екенін білмеймін. Қалалық адамдар үшін ауылдың тіршілігіне үйрену оңай емес", - дейді Мира.

Жас келіншек күйеуінің ата-анасымен және екі қайың інісімен бірге тұрады. Үнемі ер балаларға қарап, олардың киім-кешегін жуып жүреді. Ауылдың шыбын-шіркейі де Мираның мазасын алып жүргенге ұқсайды. Даладағы сәкіде тамақ ішкенде келіншек табаққа қасық салмаймын дейді.

"Ауылда ұялы байланыс дұрыс ұстамайды. Кейде өзімді айдалада қалып қойғандай сезінемін. Үйіме қайтып, баяғыдай уайымсыз күндерімді кешкім келеді. Ернар өзімен бірге алып кете алмай жүр. Енем үй алған соң бірге көшесіңдер дейді. Бірақ қашан баспаналы болатынымыз да белгісіз. Күйеуімнің жалақысы үйдің қажеттілігінен артылмайды. Қайың інілерім жұмыс істемейді, атам ғана әкімшілікте күзетші болып еңбек етеді. Қалаға барып, бассейнге түсуді армандап жүрмін", - дейді кейіпкер.

Осылайша, қалалық ару ауылдағы өміріне үйрене алмай жүр. Мира шыдамының қанша уақытқа дейін жететінін білмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803665-stim-ttin-sasidy-aktbelik-bojzetken-auylga-kelin-bolyp-tskenine-kinip-zr/

pixel