"Паранжа киіп жүрейін бе?": Шымкент әкімі киіміне қатысты сұраққа жауап берді
Опубликовано:
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһарды қалай аралайтынын айтып, халық арасында тараған қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет отырысынан кейін журналистер қала басшысының шаһарды аралау кезіндегі киім киісіне қатысты сұрақтар қойған.
"Негізінде қаланы жиі аралаймын. Мені танымауы үшін не істеймін енді? Паранджа киіп жүрейін бе? Қаладағы шын мәнісінде жағдайы қиын аудандарды аралағанда, мені танып-танымауы маңызды емес. Керісінше, қала басшысының келгенін білуі тиіс: жол, канализация, тротуар проблемасымен танысқанын көргені жөн.
Мексикалық әріптесіміздің тәжірибесі бұрыннан бар емес пе. Баяғы заманда сұлтандар да жұпыны киініп, қаланы аралайтын болған", - деп жауап берді Әбдірахымов киіміне қатысты сұраққа.
Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, мексикалық қала басшысы қарапайым киініп, қол астындағы қызметкерлерінің жағдайы төмен адамдарға қалай қарайтынын біліпті.
Осы орайда Ғабидолла Әбдірахымов күнде болмаса да, орайы келгенде велосипедпен жүріп тұратынын алға тартты.
Естеріңізге сала кетсек, шаһар басшысы арулар үшін өңірдің қаншалықты қауіпсіз екенін айтты. Әкім үшінші мегаполисте қыздарды ешкім ұрламайтынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803756-paranza-kiip-zrejin-be-symkent-kimi-kiimine-katysty-srakka-zauap-berdi/