"Бойдақтарға тиіседі": Түнде жындардың айғайын естіген қыз елден көмек сұрады
Опубликовано:
Түнде белгісіз елестердің айғайын естіген бойжеткен жан сырын ақтарды. Бұл оқиға жайында ол Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Түнгі 12-лер шамасында ауылдағы үйде ұялы телефон ойнап жатқанмын. Қасымда сіңлім болды. Сол кезде есік тық ете қалып, бірдеңе зу етіп жаныма келді.
Елес сияқты адам бейнесі ұрысып, айғайлап, бірдеңе айтты. Қорыққаннан сөйлей алмай қалдым. Әрең дегенде денем босап, сіңлімді жұлқылап оятып алдым", -деді ару.
Өз көзіне өзі сенбеген бойжеткен бұл оқиғаның тағы да қайталғанын алға тартты.
"Тура сол жағдай бір аптадан кейін сол уақытта қайталанды. Ол кезде көп адам келді. Айғайлап, ұрысқандай болды", - деді ол.
Бұл тылсым оқиғаны оқыған желі қолданушылары бикешке өз кеңестерін берді.
"Жындар ғой, бойдақ болсаң, тұрмыс құр. Жындар бойдақтарға тиіседі", "Бақсы болайын деген шығарсың", "Қорқынышты ғой", "Үйіңізді таза ұстаңыз", "Жын-шайтандар мекендеп жүрген ғой", деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803763-bojdaktarga-tiisedi-tnde-zyndardy-ajgajyn-estigen-kyz-myn-sakty/