"Мас болды": Қостанай облысында тепловоз ер адамды қағып кетті

Опубликовано:

Қостанай облысында тепловоз машинисті ер адамды соғып кетті деп хабарлайды Костанайские новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Аймақтық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 шілдеде болған.

"Машинист тепловозды тоқтата алмады. Нәтижесінде Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөліміне 1980 жылы туған ер адам түсті", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оның мас болғаны, алғашқы медициналық көмек көрсетілгені айтылды.

ТЖК хабарлауынша, жәбірленуші ауруханадан өз еркімен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803766-mas-boldy-kostanaj-oblysynda-teplovoz-er-adamdy-kagyp-ketti/