Елорда әкімдігі Көлгіновтің атын жамылған алаяқтарға ескерту жасады
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан әкімдігі қала басшысы Алтай Көлгіновтің атын жамылған жалған аккаунттар пайда болғаны туралы ресми хабарлама жіберді. Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай әрекетке барғандар заң жүзінде жазаланады екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болды.
Осыған байланысты, Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov (твиттерге тіркелген уақыты 2017 жылдың қараша айы), Facebook, instagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлаймыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұраймыз", - делінген әкімдік жолдаған хабарламада.
Қала билігі желіде жалған парақша ашқандар заң алдында жауап беретіндігін мәлімдеді.
"Әкімнің атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез-келген ақпарат жалған екенін мәлімдейміз. Жалған аккаунтардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болады", - деп жазылған хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803778-elorda-kimdigi-klginovti-atynan-zalgan-paraksa-askandarga-eskertu-zasady/