Ақтауда жағалауға көмілген адам қаңқасы табылды
Опубликовано:
Ақтауда сегізінші шілде күні жағалаудан адам қаңқасы табылды. Оны құмның астынан жылқы қазып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ат жоғалып кеткен екі ағайындының іздеу жұмыстарына жұмылдырылған болып шықты.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда қаңқа сот-медициналық сараптамаға жіберілген.
Оның нәтижесі бойынша адамның кім екені және оның өлімінің себебі анықталатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда бірнеше күн бойы екі ағайынды жігітті іздестіріп жатқаны белгілі болды.
Алдын ала болжам бойынша олар Шора су каналына батып кеткен.
25 жастағы жігіт пен он жасар жасөспірім суға шомылуға бесінші шілде күні кеткен. Содан бері олардан ешбір хабар жоқ.
Олардың іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, еріктілер мен арнайы техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803871-aktauda-zagalauga-kmilgen-adam-kakasy-tabyldy/