Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған тұрғыны жатақханада газ баллонын жарып, өзін өлтірмек болды

Опубликовано:

8 шілде күні Талдықорған полицейлері 33 жастағы ер адамды суицидтен құтқарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Талдықорған тұрғыны жатақханада газ баллонын жарып, өзін өлтірмек болды
Көрнекі фото: nevsedoma.com.ua: UGC

Алматы облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне қаладағы жатақханалардың бірінде отбасылы ер адам "өзіме қол жұмсаймын" деп қорқытқаны туралы хабарлама келді.

Оқиға орнына бірінші жеткен учаскелік инспекторлар Алмас Ақышев пен Берік Ысқақов өздерінің командирі, полиция подполковнигі Марат Әбілхамитовпен бірге жылдам қауіптің алдын алған.

Полицияның мәліметінше, пышақ және оттық (зажигалка) ұстаған қызба мінезді жігіт газ баллонының қасында тұрған.

Тәртіп сақшылары оның қолындағы оттықты қағып жіберген, дегенмен ер адам өзіне бірнеше жарақат салып үлгеріпті.

Полицейлер жедел жәрдем шақырып, оны дәрігерлерге тапсырған.

"Қазір жәбірленушінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство ер адам жергілікті психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұратынын, отбасымен бірге балалар үйлерінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне арналған уақытша жатақханада, яғни "Жастар үйі" деп аталатын бөлмелердің бірінде тұратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803877-taldykorgan-trgyny-zatakhanada-gaz-ballonyn-zaryp-zin-ltirmek-boldy/

pixel