Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде Сирияға кетпек болған бір отбасының үш мүшесі абақтыда отыр

Опубликовано:

Жат ағымның жетегіне ерген алпыстағы ақтөбелік азаматтың үш ұлы да терроризм бабымен істі болған. Бүгінде асыраушысынан айырылған әйелі мен келіндері өлместің күнін кешіп отыр. Бүтін бір жанұяның бұл жағдайын отбасының таныстары баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: 1001pravo.ru
Көрнекі фото: 1001pravo.ru: Facebook

Жанұяның танысы үйдің үлкен ұлы Сирияға кеткен соң қайта оралмағанын айтады.

"Отбасының қалған мүшелері де сол елге аттанғалы тұрған кезде ұсталды. Олар әке-шешесі, ересек екі ұлы, келіні мен екі немересі Сирияға бара жатқан кездерінде қамалды. Аталары сегіз жылға, екі ұлы бес-алты жылға сотталып кетті. Үшеуі үш жақтағы түрмеде отыр. Мүмкін осылай болғаны да дұрыс болар. Олар соғыс даласында өліп қалғанда не істер едік", - дейді ол.

Сирияға жиналғандар қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлерін сатып жіберген. Қазір әйелдері пәтер жағалап күн көріп жүр.

"Қазір сол жаққа кеткендердің жағдайын естіп отырмыз. Көбінің жолдастары жоқ, соғыс даласында қайтыс болған. Балалары көз жұмған. Мүгедек болып қайтып жатқандар бар. Бәрі де сол жақта жұмақ өмірдің ортасына барамыз деп алданып қалғандарын айтады.
Қазір олардың әйелдері мемлекеттен атаулы көмек алып отыр. Елді сатты деп оларды ешкім бөліп жатқан жоқ. Осыларды ойласам, бардың қадірін білмей жатқандаймыз. Жат ағым деп қаракөздеріміз енді адаспаса екен", - дейді ақтөбелік келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803990-aktbede-siriaga-ketpek-bolgan-btin-bir-otbasy-mseleri-abaktyda-otyr/

pixel