Отан алдындағы парызын өтеп жүрген сарбаздың бір күні қалай өтеді?

Опубликовано:

KAZ.NUR.KZ порталы Ақтөбедегі №6655 әскери бөліміне болып, сарбаздарының тыныс-тіршілігімен танысты. Ел тыныштығын сақтап жүрген жауынгерлер ішкі тәртіпке қалай үйретіледі? Қарулы күшті темірдей тәртіпке қалай баулиды? Ол туралы тілшіміздің арнайы дайындалған фоторепортажынан оқыңыз.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сарбаздардың қарбаласқан әр күні таңғы сағат 6:00-ден басталады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Санаулы уақытта киініп үлгеріп, ертеңгі жаттығуға дайын болуы керек.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Таңғы ас 8:30 -да. Әрі қарай әскери сабақтар басталады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Әскери борышымды өтеу үшін Талдықорғаннан келгеніме бір ай болды. Аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсе үйрендік. Осы жерден нағыз еркек болып шығамыз деген ойымыз бар", - дейді жас сарбаз Рахат Бектұрған.

Сарбаздардың 80 пайызы 18 бен 20 жас аралығындағы бозбалалар. 23 жастағылар да кездеседі. Бөлімшеге соңғы түскен сарбаздар легі Маңғыстау, Талдықорған, Түркістан облысынан келгендер.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мен Шымкенттен келдім. Бұрын Ақтөбені көрген жоқпын. Әскерге келіп, ел көрдім десем болады. Мына жақта бірінші рет жауынгер ретінде қолыма қару ұстап көрдім. Сарбаздар қатарында сапта тұрғанымды мақтан тұтамын. Қарудың түрлерін үйреніп, өздігімізбен шашып, жинауды меңгеріп жатырмыз", - дейді 19 жастағы сарбаз Әбдімәлік Ерімбетов.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың парызы. Әскерде қолына қару алып, ел қорғауға шыққан сарбаздың өмірі сырт көзге қызығарлық болғанымен, қауіптілігі де жоқ емес. Себебі, соғыс тактикасын еңсергендер қандай жағдайда да алдыңғы шепте тұрады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әр жаттығудың бір мезетте орындалу ерекшелігіне қызыға қарап тұрғанымызда жаңа келген сарбаздармен күні-түні жұмыс істеп жүрген мамандар әскери тәртіппен таныстырып өтті.

"Біздің жедел мақсат батальоны Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын атқарады. Қалада өтетін іс-шаралардың тыныштығы қамтамасыз етіледі. Батальонда офицерлер жеке құрамы, келісім шартпен жүрген әскерилер және сарбаздар бар. Бөлімге келген жас сарбаздар оқу бөлімінен алғашқы әскери білім алып, оқу-жаттығудан өтеді.
Алғашқы әскери дайындықтан кейін ғана салтанатты түрде ант қабылданады. Бұл бөлімшедегі ең үлкен мерекелік шаралардың бірі. Оған сарбаздардың ата-аналары, туыстары қатысады. Ант қабылдаған сарбаздар бөлімшелерге бөлінеді. Олардың әрі қарайғы міндеттері бекітілген бөлімшелері арқылы анықталады", - дейді жедел мақсат батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Оспанов.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бір әскери бөлімнің өзінде бірнеше бөлімше бар: жедел мақсат батальоны, материалдық қамтамасыз ету ротасы және атқыштар ротасы.

"Тәрбиенің барлығы бірінші күннен басталады. Әскери жарғылар мен пәрмендер түсіндіріледі. Алғашқы бір айда әскери тәртіпке арналған сабақтар жүргізіледі. Онымен тәрбие жұмыстарын жүргізетін әскерилер ғана емес, прокуратура, әскери полиция қызметкерлері де айналысып жүр. Жас сарбаздар бір айдың ішінде Отанға деген сүйіспеншілікті сезініп, атыс алаңына да шығарылады. Психологиялық тұрғыда 30 күн ішінде әскери өмірге дайын болады", - дейді Қайрат Оспанов.

Мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздар арасында әскери қызметте қалатындар да аз емес. Олар келісім шартқа отырып, өздерінің туған жерлеріндегі әскери бөлімшеде еңбек ете алады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Қайтуға арналған бұйрық шыққан күні сарбаздың бір жыл ішіндегі жетістіктері айтылып, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Оларға әскери билеті мен бір жылда көрсеткен мінездемесі беріледі. Сарбаздардың арасында әскерге жоғары біліммен келетіндер де бар. Әскери қызметке келгенде біліміне қарап таңдалмайды. Ең бастысы - қызметкердің денсаулығы. Ал оқу бағдарламасын тиісінше меңгермей жатқан сарбаздармен кешкі мезгілде командирлер сабақ жүргізеді", - дейді маман.

Саптай тізілген жігіттерде артық әңгіме жоқ. Бұйрықты нақпа-нақ орындауға тырысып жүр. Бәрі де сап ішінде. Тамаққа да, жуынуға да, оқуға да, жаттығуға да бір саппен барады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жігіттер бір ай ішінде түйме қадап, жаға тігуге дейін меңгеріп алған.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Өмір болған соң әртүрлі жағдайлар болады. Солтүстік Қазақстаннан келетін балалар қазақшаны дұрыс түсінбейді. Ал Оңтүстік Қазақстанган келгендер орыс тіліне қиналады. Қызмет барысында біреу орысша, екіншісі қазақша түсінбей жататын кездер болады. Бірақ бір жылдың ішінде орысша сөйлемейтін балалар орысша, ал мүлде қазақша білмейтін балалар таза қазақша сөйлеп кетеді. Олар бірге жүрген қарым-қатынастың нәтижесінде тілді де, әр жақтың салт-дүстүрін де үйренеді",-дейді Қайрат Оспанов.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804097-otan-aldyndagy-paryzyn-tep-zrgen-sarbazdy-bir-kni-kalaj-tedi/