Дүкені, үйі, үш көлігі бірдей жанып кеткен арыстық тұрғын Маминнен көмек сұрады (видео)

Опубликовано:

Үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыс болған Арыс қаласына жұмыс сапарымен келді. Премьер-министрдің арнайы келетінін естіген жергілікті тұрғын одан көмек сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Асқар Мамин жойқын жарылыс орын алған Арыстағы бүгінгі жөндеу жұмыстарымен танысу мақсатына арнайы келді. Бірқатар құрылыс жұмыстарының басында болған үкімет басшысы жауаптыларға жұмысты сапалы әрі уақытында тапсыру керектігін айтты.

Қаланы аралау кезінде Шығыс Қазақстан облысы секторына енген тұрғын үйдің құрылысымен танысқан үкімет басшысына үйдің иесі Лесхан Мыңбаев келіп, көмек сұрады.

Тұрғынның айтуынша, жарылыс кезінде оның үйі мен дүкені, оған қоса үш автокөлігі түгелімен өртеніп кеткен.

"2012, 2013, 2014 жылы шығарылған үш машинам жанып кетті, экспертизаға бәрі салынған. Барлық құжаты, сақтандыруы бар. Бірақ сақтандыру полисіндегілер көлік тек жол апатына түссе ғана шығынды өтейміз деп "отказ" беріп жатыр. Енді білмеймін, қалай боларын. Соған көмегіңіз тисе деп едік" , - дейді Арыс тұрғыны.

Мұны естіген Асқар Мамин ер кісіге өртенген үйінің орнына жаңа үй салынатынын айтып, ал көлік мәселесіне қатысты "Көреміз, қарап шығамыз" деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет басшысы Асқар Маминнің Арысқа апта сайын келіп, жөндеу жұмыстарын тексеріп тұратынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804130-arystagy-zarylys-kezinde-s-kligi-birdej-zanyp-ketken-trgyn-maminnan-kmek-srady/