Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас жайлы айтқан журналист сынға қалды (видео)
Опубликовано:
Instagram әлеуметтік желісінде әйел адамдардың жүктілік кезінде жыныстық қатынасты жиі қалайтынын айтқан журналист пен маман жұрттың шамына тиді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жыныстық қатынас тақырыбын қозғаған бағдарламаның үзіндісі Instagram-дағы kyzyknews тобында пайда болды.
Видеода кәсіби маман көп жағдайда әйел адамдардың жыныстық белсенділігінің жоғары болатынын сөз етті.
Журналист өз кезегінде, маманның сөзін жалғай келе расымен де әйел адамдардың жүктілік кезінде жыныстық қатынасты көбірек қалайтынын айтты.
"Бала жатырға біткенде оның өсу, қалыптасу процессі басталады. Сол кезде ол жерде қан айналымы өте жоғары болады. Сонымен байланыстырады", - деп түсіндірді маман.
Желі қолданушылары аталған бейжазбаға қатысты жағымсыз пікір жазып қалдырды.
"Бала тәрбиесі секілді тақырыптарды неге қозғамайсыздар осы", "Осыны да әңгіме етіп отырсыздар ма", "Ұрпақты улап болдыңдар", "Мұндайды дәрігер жүкті әйелдің өзіне айтып береді", "Басқа айтатын тақырып жоқ па?", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804156-zktilik-kezindegi-zynystyk-katynas-zajly-ajtkan-zurnalist-synga-kaldy-video/