"Алматы-1" станциясының басшысы 370 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
Опубликовано:
"ҚТЖ жүк тасымалдау" филиалы "Алматы-1" станцяисының басшысы пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Cтанция басшысы жалға берілетін контейнерлерді қайтару және еш кедергісіз тексеру үшін жеке компания өкілінен 370 мың теңге мөлшерінде пара алды деп күдікке ілінгені айтылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, параны күдіктіге делдал берген.
Станция басшысы кінәсін толығымен мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804190-almaty-1-stanciasyny-bassysy-370-my-tege-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/