Атырау әуежайынан 12 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

"Атырау халықаралық әуежайы" шотынан 12 млн теңге ұрланды. Ақшаны осы компанияда жұмыс істейтін инженер-бағдарламашы қолды қылды деп хабарлайды BNews.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото pixabay.com
Көрнекі фото pixabay.com: UGC

Транспорт полициясының мәліметінше, 26 сәуір күні Атырау станциясындағы полицияның желілік бөліміне екінші деңгейлі банктердің бірінен "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ тиесілі 12 млн теңгенің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел іздестіру шаралары арқылы көліктегі полиция қызметкерлері күдіктіні тапқан.

Ол "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ жұмыс істейтін 23 жастағы инженер-бағдарламашы болып шықты.

Тексеру барысында күдіктінің әуежай есепшотынан ірі көлемдегі қаражатты өз танысының банктік шотына аударғаны және сол күні ақшаны шығарғаны анықталды.

Күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804207-atyrau-uezajynan-12-mln-tege-rlagan-kdikti-staldy/