Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен "Еуропалық одақ – Орталық Азия" атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804235-tokaev-syrtky-ister-ministrin-kabyldady/