"Алып қашқанды өздері қалайды": Шымкент қыздары Әбдірахымовқа жауап берді
Жарияланған күні:
Шымкенттік бойжеткендер өңірдегі қыздарды алып қашу оқиғаларының шындыққа жанаспайтынын айтқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа жауап берді. Шаһар басшысы бұл әңгімелерді ертегіге теңеп, тіпті кейбір арулардың өздері бұл салтқа қарсылық танытпайтынын жеткізген деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
23 жастағы Нұрсұлуды 18 жасында алып қашқан. Бойжеткен оқудан кейінгі серуені құда түсу мен үйлену тойымен аяқталады деп мүлде ойламаған.
Алайда, қазіргі таңда ол еш нәрсеге өкінбейтінін айтты. Оның сүйікті күйеуі мен тәтті екі баласы бар екен.
"Мен жолдасыммен тіпті тойға дейін таныс болмадым. Басында қарсы болғанмын. Кейіннен үйреніп кеттім" , - деді келіншек.
Бұған дейін Шымкент әкімі қалада қыздарды ұрламайтынын айтып, Шымкентке қатысты әңгімелердің барлығын ертегіге теңеген еді.
"Менің ойымша кейде қыздардың өздері оларды біреудің алып қашқанын қалайтын сияқты" , - деген болатын Әбдірахымов.
Арнаның журналистері әкімнің сөздерін растап, немесе керісінше жоққа шығару мақсатында шымкенттік қыздар арасында сауалнама жүргізуге бел буды.
"Мен үшін бұл барып тұрған жабайылық. Мен бұған түбегейлі қарсымын" , - деді қалыңдықтардың бірі.
"Қазір 21 ғасыр. Егер тек келісім бойынша ғана болса. Мұндай жағдайлар байырғы заманда болған. Қазіргі кезде ол орынсыз деп есептеймін" , - деді сауалнамаға қатысушы ару.
Тағы бір қатысушы қыз бойжеткендерді алып қашуға қарсы екенін жеткізді.
Қазақстанның оңтүстігінде қыздарды алып қашу әлі бар екені жөніндегі таптаурын түсінік кең таралған. Желіде тарап жатқан көптеген видеожазбалар оған дәлел болмақ.
Алайда, адамды алып қашу заң бойынша төрт жылдан жеті жылдық мерзімге жазаланатынны ұмытпаған жөн.
Дереккөз:
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804311-alyp-kaskandy-zderi-kalajdy-symkent-kyzdary-bdirahymovke-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.