Іздеу салынған Kaspi bank қызметкерінен 28 қазақстандық жапа шеккен

Опубликовано:

Kaspi bank клиенттерді алдап келген бұрынғы қызметкері жайлы ақпарат берген адамға 10 млн теңге сыйақы беруге дайын. Оның заңсыз әрекетінен 28 адам зардап шеккен деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kp.kz
Фото: kp.kz: Facebook

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, банктің бір бөлімшесінен алаяқтық фактісі бойынша 28 адам арыз жазған.

Қазіргі уақытта жас жігітті іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен бұдан көп адап зардап шегуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, сол себепті павлодарлықтардан полицияға хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, Kaspi bank желідегі парақшасында бұрынғы қызметкеріне іздеу салғанын жариялап, күдіктінің қазіргі тұратын жерін айтқан адамға 10 млн теңге сыйақы тағайындағанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804436-izdeu-salyngan-kaspi-bank-kyzmetkerinen-28-kazakstandyk-zapa-sekken/