Алматыда жүргізушісіз жүріп кеткен автобустан зардап шеккендерге миллион теңге төленді

Опубликовано:

Алматыда жүргізушісі жоқ автобустың әйел адам мен баланы қағып кеткен жол-көлік оқиғасы тергеу үстінде деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz: UGC

Олардың мәліметінше, автобус тиесілі "БаТу travel" тасымалдаушы компаниясы зардап шеккен баланың медициналық және оңалту шығындарын өтеген.

Қазіргі таңда бір миллион теңге төленді, егер емге тағы ақша талап етілсе, көлік компаниясы оларды жеткізуге дайын.

Сондай-ақ, тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын өрескел бұзғаны үшін жазаланды. Тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.

Аталған төтенше жағдайға кінәлі адам "қара тізімге" енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 1 шілдеде 122 нөмірлі автобуста болған. Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін кабинадан шығып кеткен кезде автобус өздігінен жүре бастады.

Баланы ертіп келе жатқан әйел адам көліктен сәтсіз секірген. Олар жерге құлап, автобус дөңгелегінің астына түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804442-almatyda-zrgizusisi-zok-avtobustan-zardap-sekkenderge-million-tege-tlendi/