Алматыда қызметіне салғырт қараған подполковник екі жылды арқалады

Опубликовано:

Алматыда әскери қызметкер қызметі барысында салғырттық танытқаны үшін сот алдында жауап берді. Сот сарыөзектік подполковниктің кінәсінен 9 әскеридің зардап шеккенін анықтады деп хабарлайды 31 арна-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

9 адам зардап шекті, оның 5-уі ауыр дене жарақатын алды. Оқиға оқу-жаттығуларға дайындық кезінде орын алған. Атыс үшін нысанның болмағаны анықталды

Куәгерлердің айтуынша, айыпталушы солдаттарға қолда бар құралдардан нысаналар жасауға бұйрық берген. Оқу-жаттығу кезінде қолда бар материалдардан жиналған нысана жарылып кетті.

Нәтижесінде 9 адам зардап шеккен. Төтенше жағдай салдарынан бір әскери қызметші қол саусақтарыннан айырылып қалды.

Ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Подполковник сот шешімімен келіспеді, алайда жоғарғы инстанция оны өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804448-kyzmetine-salgyrt-karagan-podpolkovnik-eki-zyldy-arkalady/