Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ойын алаңында ойнап жүрген 13 жастағы жеткіншек тоққа түсіп қалды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында ойын алаңында ойнап жүрген жеткіншек тоққа түсіп қалды. Бұл туралы "NewTimes.kz" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Полицияда тоққа түскен баланың жасы 13 жаста екенін хабарлады. Қазіргі уақытта ол қаладағы ауруханалардың бірінде дәрігерлердің қарауында.

Оқиға кеше, 12 шілде күні кешкі уақытта болған. Кешкі 6-лар шамасында ауруханаға жеткізілген жеткіншектен дәрігрлер түрлі жарақаттарды анықтады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол бұл жарақаттарды ойын алаңында ойнап жүргенде алыпты. Енді сарапшыларға бірнеше сараптама өткзу қажеттілігі туындап отыр.

Куәгерлер бала ойнап жүріп, электр өткізу желісіне тиіп кеткенін айтты. Содан соң ол бірден есінен танып қалған.

Одан бөлек, оқиға орнында болғандар жәбірленуші клиникалық өлімді бастан кешкенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804497-nr-sltanda-ojyn-alaynda-ojnap-zrgen-13-zastagy-zetkinsek-tokka-tsip-kaldy/

pixel