Арыс қаласында 804 үй қалпына келтірілді
Опубликовано:
Әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілердің жарылысынан зардап шеккен Арыс қаласында қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 804 үй жөнделді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тек соңғы тәулікте 280 үй қалпына келтірілді. Тағы 3512 нысанды жөндеу керек, олардың қатарына жеке үйлер мен көп қабатты үйлер кіреді.
Объектілерде 5 346 құрылысшы еңбек етеді және 231 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Өңірде тұрғындар үйлерінен басқа әлеуметтік нысандар да жөнделуде. Жөндеу жұмыстарымен 62 ғимарат қамтылды, оның ішінде 53 білім беру нысаны, 6 Денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804507-arys-kalasynda-s-mynan-astam-j-kalpyna-keltiriledi/