Қазақстанда аптап ыстық күтілуде

Опубликовано:

14 шілде күні елімздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күтілуде. Оған қоса, синоптиктер өрт қаупінің төтенше деңгейі жөнінде ескертті деп хабарлайды "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pinterest.com
Көрнекі сурет: pinterest.com: Twitter

Синоптиктердің болжауынша, аптап ыстық Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстары мен ШҚО және СҚО-да орын алмақ.

Қызылорда мен Қарағанды облыстарында ауа райы аса ыстық болады деп күтілуде.

Төтенше өрт қаупі ШҚО, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында сақталып тұр.

Жауын-шашын тек атмосфералық фронттар өтетін жерлерде болмақ. Ол өңірлерде жаңбыржауып, жел күшейе түседі. Оған қоса, найзағай жарқырап, нөсер болуы мүмкін.

Қазақстанның батысында да жауын-шашын болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804563-kazakstanda-aptap-ystyk-ktilude/

jitsu gif