Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жердің шетелдіктерге сатылуы жөнінде пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC
"2021 жылы Жер кодексінің жекелей нормаларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерді сатып алу және оны жалға беруге мораторий уақыты аяқталатындықтан, біз осы мәселеге қатысты нақты бір шешімге келуіміз керек.
Осы жөнінде Парламент депутаттары, саяси партиялар мен қоғам өкілдері пікір білдіреді деген ойдамын. Шетелдіктерге келер болсақ, оларға жер сатылмайды. Бұл жерде нақты осыны түсінуіміз керек", - деді президент.

Ол Үкіметке барлық ауыл шаруашылығы жерлерін тексеріп, жер кадастрын ақпараттық жүйе бойынша цифрландыруды тапсырды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу барысында, 16,5 млн гектар жердің пайдаланылмайтындығы белгілі болды. Бұл тек осы салаға қатысты мәселенің бір ұшы ғана. Жер – өндірістің басты факторы.

Оның тиімділігінсіз әрі ашықтықсыз, ауыл да дамымайды. Мұның қиын жұмыс екенін түсінеміз, бірақ бұл жерде ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы керек.

Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін бітіру керек. Яғни келер жылдың соңына дейін бәрін қалпына келтіру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, бәрін цифрландыру керек. Сосын ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жағын да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Жерде кімдер жұмыс істейді, соған тиесілі болуы керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804730-tokaev-zer-seteldikterge-satylmajdy/