Энергетика министрлігі Алматыдағы жарықтың сөнуіне қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Энергетика министрлігі Алматыдағы жарықтың сөнуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматы қаласында Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 14.30-да электр энергиясы өшірілді. Нәтижесінде, бұл оңтүстік өңірдің энергетикалық жүйесіне, атап айтқанда ЖЭО-2 және ЖЭО-3 электр энергиясының генерациясына, сондай-ақ каскадтық ГЭС (Қапшағай) жұмысына әсер етті. Жүйенің істен шығу себептері анықталуда. Барлық қалпына келтіру жұмыстары басталды және жақын арада аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804732-energetika-ministrligi-almatydagy-zarykty-snuine-katysty-pikir-bildirdi/