Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ақшадан қашқан тұрғындар жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Шымкентте жүргізушінің сұрақтарына дұрыс жауап беріп, есесіне ақша алудан қашқан қала тұрғындары жұрттың күлкісіне қалды. Видео әлеуметтік желілерге лезде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видео Instagram-дағы insta_azil тобында пайда болды.

Кадрдан жүргізушінің сұрақтарына бірінің жауап беріп, енді бірінің камераны көре сала басын алып қашқанын байқауға болады.

Ер азаматтың сұрақтарына дұрыс жауап бере алғандар өздеріне тиесілі ақыны, яғни, 1000 теңгені алудан бас тартып жатты.

Қала тұрғындарының мұндай қылығы бірінің көңілін көтерсе, енді бірі оларды "жабайылығы" үшін сынап жатты.

"Мына істеп жүргендерің дұрыс болды, адамның көңілін бір көтердіңдер", "Шымкенттіктер, неге сонша жабайыланып қашасыңдар", "Сонша қашқандары несі, ақшадан қашқанды бірінші рет көрдім", "Қыздар айқайлап қашатындай, не болды сонша?", - деп пікір білдіріп жатты олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804753-symkentte-aksadan-kaskan-trgyndar-zrtty-klkige-karyk-kyldy-video/

pixel