Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте телефонын қуаттамақ болған 23 жастағы жігіт қайтыс болды

Опубликовано:

Бүгін 15 шілде күні Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны ұялы телефонын қуаттау кезінде қайтыс болды деп хабарлайды Ernur.kz.

Фото:ru.freepik.com
Фото:ru.freepik.com: Instagram

Қайғылы оқиға Шымкент қаласы, Сайрам ауылындағы Абдуллабад көшесінде орын алған.

1996 жылғы азамат телефонын қуаттағыштан ажыратпақ болғанда электр розеткасынан тоқ ұрған.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, телефонын қуаттағыштан алмақшы болған сәтте жігіттің денесі су болған.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Электр тоғын пайдаланған кезде абай болыңыздар. Өздеріңізді және туыстарыңызды аман сақтаңыздар!", - деп ескертті Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, бұл биылдыққа тіркелген осы мазмұнды бірінші қайғылы оқиға. Өткен жылы төрт адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804763-symkentte-telefonyn-kuattamak-bolgan-23-zastagy-zigit-kajtys-boldy/

pixel