Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық әйел үлкен қызын азғындаған азаматтан кіші қызын құтқара алмай жүр

Опубликовано:

Қазақстандық танымал құқық қорғаушы Аружан Саин өзінің Instagram парақшасында қызын туысының зорлық-зомбылық іс-әрекетінен қорғауды өтінген 30 жастағы ананың жазбасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: rightstep.com
Фото: rightstep.com: UGC

Аружан Саинның айтуынша, сағы сынған келіншек енді президенттен көмек сұрамақ. Оның сөзінше, үш баланың анасы жазғанның барлығы-ащы шындық.

"Біз анаға хат дайындауға көмектесіп, оның өтінішін ІІМ-ге, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және басқа да ұйымдарға жібердік. Бірақ, өкінішке орай, нәтиже жоқ. Баласы үшін шырылдаған ананың не жазғанын оқыңыз", - делінген хабарламада.

Жарияланған жазбада әйел бұрынғы күйеуімен 2005 жылы некеге тұрғанын айтады. Онымен бірге ол ресми түрде 7,5 жыл өмір сүріпті. Жұптың 2006, 2007, 2011 жылы дүниеге келген үш баласы бар екен.

Әйелдің айтуынша, ол кіші қызын туған соң босанудан кейінгі күйзеліске ұшыраған. Осылайша, ол он жетінші күні бұрынғы жұбайының үлкен әпкесіне кішкентай қызды асырап алуға келісім берген.

Біршама уақыттан соң 2016 жылдың маусымында ерлң-зайыптылар ажырасып кетеді. Кейіннен әйел екі үлкен баласымен бірге Маңғыстау облысынан туған жері Алматы қаласына оралады.

Дегенмен, келіншек балаларды жазғы демалыста әкелеріне жіберіп тұрған екен.

"2016 жылдың наурыз айында менің үлкен қызым (ол кезде қыз 10 жаста болған — ред. ескерту) үш жыл бойы, атап айтқанда — 2013, 2014, 2015 жылдары, күйеуімнің үйінде болған кезде, оның әпкесінің отбасы келгенін айтты.
Күйеуімнің немере інісі менің үлкен қызыма бірнеше рет жыныстық сипаттағы күш көрсеткен", - деп жазады әйел.

Ол туысының кінәсі дәлелденуі үшін көп күш салуға тура келгенін мойындады. Ал күдікті жас балаларды азғырғаны үшін айыпталса да, түсініксіз себептермен шартты мерзім алған. Ол жазасын тұрғылықты жері бойынша, яғни, келіншектің кіші қызы тәрбиеленіп жатқан отбасында өтеуде.

"Менің кіші қызым жәбірлеушімен бірге тұруды жалғастыруда! Ойланыңыз! Кішкентай қыз кінәлі деп танылған және сот алдында жауап берген адамның отбасында тұрады! Қорғаушы органдар "себептерді көрмейді", қызымды асыранды отбасынан айырып алуға "еш себеп көрмейді!", - деп ашуланады келіншек.

Шырылдаған ананың айтуынша, ол соттан қызды асыранды отбасынан айырып алуды өтінген, алайда сот тұрмыстық жағдайының жақсы болуына байланысты әйелдің өтінішін қабылдамаған.

Зорлық-зомбылық әрекеттер үшін сотталған адамның отбасында тұрып жатқан кіші қызы үшін жүрегі ауырып, шырылдаған ана оны құтқаруды сұрайды.

Әйел түсінікті себептермен өзінің толық атын көрсетпейтінін, бірақ қылмыстық іс материалдарында және Бас прокуратурада барлық деректер бар екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804825-almatyda-kisi-kyzyny-zbirleusimen-tryp-zatkanyn-ajtkan-jel-adam-dabyl-kakty/

pixel