"Денемді саудалаймын, онда тұрған не бар?": Сейфуллин көшесіндегі жөзекшелер ұсталды
Опубликовано:
Полицейлер оңтүстік астанадағы жеңіл жүрісті қыздармен күресуді жалғастыруда. Түркісіб ауданындағы сондай рейдтердің біріне "Алматы" телеарнасының қызметкерлері барып, болған жайғдайдың бәрін камераға түсіріп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жолы назарға қонақүйлердің бірі ілікті. Сол жерге барған түсірілім тобы құрықталған "түнгі көбелектермен" тілдесіп қайтты.
Олардың басым бөлігі ақша үшін жұмыс істемей, жай ғана кездесуге келгенін дәлелдеп жатты. Журналистермен тілдесуге ниет білдіргендер аз болса да, қыздардың бірі "панельге" неліктен шыққанын айтып берді.
Ол өзінің балалар үйінен шыққанын, үш баласының барын жеткізді. Әңгімелесуші "адам өлтірмейтін" себепті өзінің қызметін айтарлықтай ұятты көрмейді екен.
"Жұмыс істедім және істейтін боламын, мен ешкімді өлтіріп жатқаным жоқ, ештеңе ұрламадым. Өз денемді саудалаймын. Онда тұрған не бар? Адамдар өздері маған келеді", - деп ашып айтты ол.
Аталған іс-шара барысында 38 адам ұсталды. Олар 12 мың теңге көлеміндегі айыппұлды өтеп, үйлеріне қайтарылады.
Тәртіп сақшылары жезөкшелерге деген шағымдардың азайғанын айтты. Сейфуллин даңғылында полиция қызметкерлері шілденің басынан бері қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасынан кейін күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.
10 күн ішінде 479 жеңіл жүрісті ұсталды, оның 278-і әкімшілік жазаға тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804835-denemdi-saudalajmyn-onda-trgan-ne-bar-sejfullin-ksesindegi-zzekseler-staldy/