Гүлнәр Каримованың қызы: Анам түрме режимін бұзды деп айыпталуда

Опубликовано:

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтың немересі Иман Каримова анасына Зангиоттағы әйелдер түрмесінің режимін бұзды деген айып тағылып жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: Depositphotos

Оның айтуынша, жоспар бойынша Швейцариядан Өзбекстанға активтер уақытылы жөнелтілуі керек екен.

Алайда, жыл басында Гүлнәр Каримова Зангиоттағы КИН-21 таңғы тексерісіне денсаулығына байланысты қатыса алмаған екен. Айтуынша, сол кезде анасының қан қысымы көтерілген, ол дерек тіпті оның медициналық картасында да көрсетілген көрінеді.
Осы оқиғаға қатысты Гүлнәр Каримоваға бүгінде түрме ережесін бұзды деген айып тағылып жатыр екен.

Иман Каримованың айтуынша, қазіргі таңда анасына қатысты тағы бір қылмыстық іс ашылуы мүмкін.

Сондай-ақ, ол Гүлнәр Каримованың әйелдер түрмесінен жалпы колонияға ауыстыру мәселесі наурыз айында қаралуы керек дегенді алға тартқан. Алайда ол үш ай кейінге шегеріліп, комиссия тексерісі тек маусым айында жүргізіліпті.

Бойжеткеннің айтуынша, әлдекімдер анасына қатысты 12 жыл бұрынғы істі қайта қарау жайлы бастама көтеріп жатыр. Ол осы істердің барлығы елге 555 млн долларды қайтаруға кері әсер етіп жатыр дейді.

Айта кетейік, ол бұған дейін Гүлнәр Каримованың миллиондары жайлы ақпарат таратқан еді. Сондай-ақ Иман Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевтен анасын денаулығының нашарлағанына байланысты қамаудан босатуын сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804877-glnr-karimovany-kyzy-anam-trme-rezimin-bzdy-dep-ajyptaluda/