Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағымсыз иіс шығады": Алматы тұрғындары өртке оранған қойма туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Алматыда қойма өртенді: Жақын маңдағы үйде тұратын қалалықтар лак-бояу өнімдері бар қоймалардың қалай жанып жатқанын бақылауда. Олардың қатарында KAZ.NUR.KZ тілшілері қойған сұраққа жауап бергендер де бар.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Көше тұрғындары осы уақытқа дейін қоймаларға бірнеше рет шағымданғанын айтады.

"Одан үнемі жағымсыз, сасық иіс келіп тұрды. Тыныс алу мүмкін емес. Ерте ме, кеш пе бәрібір жанып кететіні анық еді", - дейді тұрғындар.
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Қазіргі уақытта өрт сөндіру қызметі өртті жоюға тырысуда.

Су тасымалдаған тікұшақ шамамен 10 рет ұшып өтті.

Полиция қызметкерлері өртке ешкімге жақындатпайды.

Қоймаларда әрбір 5-7 минут сайын ыдыстардың жарылып жатқаны естіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1805543-zagymsyz-iis-sygady-almaty-trgyndary-rtke-orangan-kojma-turaly-ajtty/

pixel