Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты қорықтым": Алматыдағы отқа оранған қойма жанында балабақша болған

Опубликовано:

Алматыда отқа оранған қойманың дәл жанында жекеменшік балабақша орналасқан екен. Оның директоры өртті алғашқылардың бірі болып көріп, өрт сөндіру қызметін шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Гүлнәр Құрбанқұлованың айтуынша, ол өртті көрген бойда бірден өрт сөндірушілерді шақырған.

"Мен ол қоймаларда не сақталғанынан хабардармын. Түтін иісіне шыдамай, тынысым тарыла бастады. Балабақшаға бар болғаны сегіз бала келеді. Ата-аналары оларды бірден алып кетті. Қатты қорықтым", - дейді ол.

Оқиға орнында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805580-katty-koryktym-almatydagy-otka-orangan-kojma-zanynda-balabaksa-bolgan/

pixel