"Бәрекелді": Жүк көлігіне бір мая шөп тиеген Өмірзақ Шөкеев көпті сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданына барған сапарында жүк көлігіне бір мая шөп тиеп, көпті таң қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: Facebook

Әкімнің іске сыбана кіріскен суретін желіге оның көмекшісі Сәкен Қалқаманов салған.

"Сайрам ауданына сапары барысында Өмірзақ Шөкеев Өмірәлиев шаруа қожалығы шөбін тиісуге қатысты. Мұнда 5 га жерден 25 га/ц бидай жинаған. Шілденің соңына дейін Түркістан облысында астық өнімдерін жинау аяқталады.
Өмірзақ Шөкеев бұрынғы Шымкент облысының Бәйдібек ауданы Шаян ауылында өскен. Ол бала күнінен ауылдың қара жұмысына үйренген", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары суреттің астына "Керемет", "Бәрекелді", "Жарайсыз" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805602-brekeldi-zk-kligine-bir-maa-sp-tiegen-mirzak-skeev-kpti-sjsintti-foto/

jitsu gif